Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Шолақаша жалпы білім беретін мектебі» КММ
Кіру
AA+
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Шолақаша жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Шолақаша жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Шолақаша жалпы білім беретін мектебі» КММ
Өрт қауіпсіздігі бойынша эвакуация — бұл өрт немесе оның туындау қауіп кезінде адамдарды ғимараттан (немесе белгілі бір аймақтан) жедел әрі қауіпсіз түрде шығару бойынша ұйымдастырылған әрекеттер.
 
1. Эвакуацияның мақсаты:
 
🧯Адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау.
🧯Сасқалатау  мен жарақат алу қауіпін азайту.
🧯Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысын қамтамасыз ету.
 
Темірлан Ерланұлы,  Железнодорожный ауылында өрт қауіпсіздігі жөніндегі бастығы, Шолақаша  жалпы білім беру мектебінің оқушыларымен оқу эвакуациясын өткізіп, өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын түсіндірді:
 
✔️ Өткелдер, дәліздер мен эвакуациялық шығу жолдарын бөгемеу – тәртіп сақтау.
✔️ Ақаулы электр құрылғыларын қолданбау және оларды қараусыз қалдырмау.
✔️ Арнайы белгіленбеген жерлерде ашық от пен темекі шегуге тыйым салынады.
✔️ Эвакуациялық жолдар мен есіктер әрдайым бос болып, шығу бағытына қарай ашылуы тиіс.
✔️ Өрт сөндіргіштердің, өрт сөндіру крандарының және дабыл батырмаларының орналасқан жерін білу қажет.
🚨 Өртті байқаған кездегі әрекеттер:
 
📌 Дереу 01 (немесе 101, 112) телефондары арқылы өрт шыққаны туралы хабарлау:
    •    Нысанның мекенжайын;
    •    Өрттің нақты орнын;
    •    Не жанып жатқанын;
    •    Ішінде адамдар бар-жоғын айту қажет.
 
📌 Өрт дабылы жүйесін қосу немесе айналадағыларға дауыстап хабарлау.
📌 Егер қауіпсіз болса — өртті бастапқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш, су, құм) сөндіруге тырысу.
📌 Эвакуация жоспарына сәйкес дереу эвакуация бастау, лифтіні пайдалануға болмайды.
📌 Егер түтін болса — еңкейіп немесе еңбектеп қозғалуға, дымқыл мата арқылы тыныс алуға тырысыңыз.
📌 Сыртқа шыққан соң — белгіленген орынға жиналып, өрт сөндірушілер рұқсат бергенге дейін ғимаратқа қайта оралмау.
 
👷 Жауапкершілік
📢 Әр адам өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға міндетті.
📢 Ережелерді бұзу және өрт қаупін тудыру — әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеледі (зардаптың ауырлығына қарай).