| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік қызметтер көрсету кестесі | |
| 2 | 2025-2026 оқу жылына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бұйрық |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қарасу ауданы білім бөлімінің «Шолақаша жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету қорытындылары туралы тезистері 2026 жылғы қаңтар
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қарасу ауданы білім бөлімінің «Шолақаша жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 23 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді мектептің 4 қызметкері көрсетеді.
2025 жылдың 12 айы ішінде барлығы 612 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- «Электрондық үкімет» порталы (www.egov.kz) арқылы – 0 қызмет (0%);
- «Электрондық лицензиялау» порталы (www.elicense.kz) арқылы – 0 қызмет (0%);
- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы (SAKURA АЖ, INDIGO АЖ, КМИС, ҚР ОАМ АРМ, MINDAL, E-otinish, enbek.kz) – 119 қызмет (19,44%).
Ағымдағы жылдың 12 айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 29 түсіндіру іс - шарасы өткізілді. Осы іс-шаралармен қамтылған халық саны – 8998 адам.
Көрсетілген кезеңде құжаттардың толық пакеті ұсынылмауына байланысты мемлекеттік қызметтер бойынша негізделген бас тартулар тіркелді, бұзушылықтар анықталған жоқ.
Қарасу ауданы білім бөлімінің «Шолақаша жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2025 жылғы 28 тамызда мектеп бұйрығымен 2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. 2026 жылғы қаңтарда мектеп бұйрығымен күнтізбелік жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын түсіндіру бойынша құқықтық білім беру мектебінің мәселелері енгізілді.
Жоспар тізбесінде сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша мектеп директоры жанындағы кеңестер өткізу, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария түрде талқылау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тармақтары қарастырылған. Жоспарлар толық көлемде іске асырылып, барлық мәселелер қаралды.
Мектепте мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қолжетімділік жағдайлары жасалған: пандустар, қызмет көрсету аймақтары, шақыру түймелері, Брайль қарпімен жазылған маңдайшалар, автотұрақ орындары жабдықталған.
Ай сайын Қарасу ауданы білім бөлімінің «Шолақаша жалпы білім беретін мектебі» КММ-де білім беру саласындағы қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндіктері туралы, оның ішінде құжаттарды тапсыру мерзімдері мен стандарттарда көзделген қажетті құжаттар тізбесі жөнінде халық арасында әлеуметтік желілер арқылы кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру мақсатында мектепте халыққа қолжетімді жерде ақпараттық стенд орналастырылған, онда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өзекті ақпарат берілген. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жабдықталған.
Білім беру ұйымының интернет-ресурстарында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер орналастырылған. Мектептің https://chelgashin-karasu.edu.kz сайтында мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалардың жұмыс кестесі мен ақпарат жарияланған. Қызмет көрсетушілер мемлекеттік қызметтер көрсету кестесі мен тәртібін сақтайды.
Қарасу ауданы білім бөлімінің «Шолақаша жалпы білім беретін мектебі» КММ көрсететін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүзеге асырылады.
2025 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты шағымдар түскен жоқ.
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалар қатарынан 1 адам біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандар есептік мәліметтерді ақпараттық жүйелерден дербес түрде жүктейді.
Назарларыңызға рахмет!